Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 452 - 457 теңгеден саудаланып жатыр.

Доллар
Фото: Мухтор Холдорбеков / Kazinform

Ұлттық банктің 18 маусым ресми бағамы – 1 долларға 452,92 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5,12 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 452 - 457 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Алматыда доллар 453,5 - 455,3 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,97 - 5,12 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 17 маусым кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,02 теңгеге қымбаттап, 453,06 теңге болған.

Соңғы жаңалықтар