09:35, 14 Мамыр 2024 | GMT +5
Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 439 – 444 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 14 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 440, 92 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 4,82 теңге.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 439 – 444 теңгеден сатылып жатыр.
Ал, Алматыда доллар 441,5 – 443,1 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,77 - 4,84 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 13 мамыр кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,54 теңгеге қымбаттап, 440,97 теңге болған.