09:43, 22 Қыркүйек 2023 | GMT +5
Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай
Ұлттық банк доллар мен рубльдің 22 қыркүйекке арналған бағамын белгіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 475,96 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 4,96 теңге.
21 қыркүйек кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,91 теңгеге қымбаттап, 476,09 теңге болған.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 475-479 теңгеден сатылып жатыр.
Ал, Алматыда доллар 476,5-479,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 4,79-5,05 аралығында саудаланып жатыр.