Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

Доллар
Фото: Александр Павский/ Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 472 — 477 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 5 тамызға арналған ресми бағамы — 1 долларға 474,57 теңге. 

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы — 5,53 теңге.

 

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 472 — 477 теңгеден сатылып жатыр. 

Ал, Алматыда доллар 473,9 — 475,9 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,38 — 5,53 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 2 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,13 теңгеге төмендеп, 474,60 теңге болған.

Соңғы жаңалықтар
telegram referendum