Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

доллар
Фото: Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 448– 453 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 6 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 450,53 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,95 теңге болды.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 448 – 453 теңгеден сатылып жатыр. 

Ал, Алматыда доллар 449,1– 451,3 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 4,83 – 4,95 аралығында сатып алуға болады. 

Еске салайық, 5 наурыздағы сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,98 теңгеге төмендеп, 450, 24теңге болған.

Соңғы жаңалықтар