Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 446-452 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 26 қаңтардағы ресми бағамы – 1 долларға 446,03 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,03 теңге болды.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 448-452 теңгеден сатылып жатыр.
Ал, Алматыда доллар 446,7-449,1теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 4,97-5,09 аралығында саудаланып жатыр.
Еске салайық, 25 қаңтар кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,56 теңгеге төмендеп, 446,33 теңге болған.