Доллар мен теңгені қаншадан айырбастауға болады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.

Бугун Қозоғистонда доллар қанча тенгедан сотилади
Коллаж: Kazinform/ Canva

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта елорданың ақша айырбастау пункттерінде:

- доллар 454,71 теңгеден сатып алынады, 461,71 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 528,71 теңге, сату - 538,71 теңге;
- рубль: сатып алу - 5,19 теңге, сату - 5,50 теңге;
- юань 68,37 теңгеден сатып алынады, 72,47 теңгеден сатылады.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде:

- доллар: сатып алу - 457,28 теңге, сату - 459,48 теңге;
- еуро: сатып алу - 529,80 теңге, сату - 535,17 теңге;
- рубль 5,30 - 5,44 теңге аралығында саудаланады.
- юань 68,44 - 70,81 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Еске салайық, 24 тамыз күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,37 теңгеге өсіп, 457,99 теңге болды.