Доллар нарықта 487 - 492 теңге аралығында сатылуда
АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 487 - 492 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 1 қарашаға арналған ресми бағамы — 1 долларға 488,26 теңге.Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,03 теңге. Еуро — 530,54.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 487,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 489,1 теңге.Еуро 530 — 534 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 487 теңге, сатып алу құны — 492 теңге.Еуро 527 теңгеден сатылып, 533 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,97 - 5,07 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 31 қазан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,16 теңгеге төмендеп, 488,23 теңге болған.
Осыған дейін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов доллар курсына қатысты пікір білдірген еді.