Доллар тағы арзандады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Таңертеңгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 3 қараша кешімен салыстырғанда 1,19 теңгеге құлдырап, 1 доллары 432,08 теңгені құрады.

Ұлттық банктің 4 қарашадағы ресми бағамы – 1 долларға 433,3 теңге.

Айта кетейік, АҚШ доллары осымен екінші күн қатарынан арзандап жатыр.

Бұған дейін, ҚР Ұлттық банкі Монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов теңгенің айырбастау бағамына қатысты түсінік берген еді.


Соңғы жаңалықтар