Доллардың 25 тамыздағы ресми бағамы белгіленді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 466- 471 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Kurs.kz дерегі бойынша, Нұр-Сұлтанда 1 доллар 466 – 470 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 466 – 471 теңге аралығында құбылып тұр.

24 тамыздағы кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 7,88 теңгеге төмендеп, 462, 29 теңге болған.

Ұлттық банктің 25 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 461, 98 теңге.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7,3 – 7,7 теңге аралығында саудаланып жатыр.


Соңғы жаңалықтар