11:51, 18 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Доллардың бағасы 340 теңгеге көтерілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Теңгенің 1 АҚШ долларына қатысты орташа бағамы Қазақстан қор биржасындағы (KASE) дүйсенбі күнгі саудалардың таңғы сессиясында 340,01 теңге болған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА KASE-ге сілтеме жасап.
Жұма күнгі саудаларға қарағанда доллар бағамы 2,15 теңгеге көтерілген. Сессия барысында ең төменгі бағам 1 долларға 339,5 теңге деңгейінде болса, ең жоғары курс 340,2 теңгені көрсеткен. Саудалардың көлемі 49,25 долларды құраған, мәмілелердің мөлшері - 115.
Жұма күні доллардың курсы таңғы сессия қорытындылары бойынша 1 долларға 337,86 теңге, күндізгі сессияда 339,22 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 338,9 теңге болған.