Доллардың биржадағы күндізгі бағамы жария етілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды.

Доллардың биржадағы күндізгі бағамы жария етілді

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:

- есептесуі теңгемен Т+0 АҚШ долларының (USDKZT_TOD) орташа   сараланған бағамы 310,70 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі -   87 800 мың АҚШ доллар болды;

- есептесуі теңгемен Т+1 және Т+2 АҚШ доллары бойынша мәмілелер  жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі теңгемен Т+0 еуро (EURKZT_TOD) бойынша орташа сараланған бағам бір еуроға 331,18 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі - 650 мың еуро болды;

- есептесуі теңгемен Т+1 және Т+2 еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір рубльге 5,5423 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 13 000 мың рубль болды.

- есептесуі теңгемен Т+1 Ресей рублі бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі теңгемен Т+1 қытай юанінің (CNYKZT_TOM) орташа сараланған бағамы бір юаньға 45,1520 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі - 500 мың юань болды.

Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 310,66 теңгені (-0,15 теңге) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі - 147 200 мың (+91 850) USD болды.

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте ұсыным - жылдық +9,5000 % құрады, сұраным болған жоқ;

- USDKZT_0_002 бойынша орташа сараланған кірістілік жылдық  +9,5065 % құрады, сауда-саттық көлемі 1 284 100 мың USD болды;

- EURKZT_1_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер болған жоқ.

Сауда-саттыққа 24 банк қатысты.