Доллардың өсуiне орай лизингтiк несиелер қайта құрылымдалады - «ҚазАгро» холдингi

АСТАНА. ҚазАқпарат - Доллардың өсуiне орай ауыл шаруашылық нысандарына берiлген лизингтiк несиелер қайта құрылымдалады. Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде холдингтiң басқарма төрағасы Дулат Айтжанов мәлiм еттi.

Доллардың өсуiне орай лизингтiк несиелер қайта құрылымдалады - «ҚазАгро» холдингi

«ҚазАгро» холдингi өзiнiң клиенттерiне теңге бағамының долларға шаққандағы өзгерiсiнен туындаған мәселелердi жұмсарту үшiн барлық шараларды жасайды. Несиелердiң басым бөлiгi индексацияланбайтын болады, себебi агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерi негiзiнен несиені теңгемен алды. Несиелендiрудiң шарттары сол қалпында қалады. Бұрын жасалған несие шарттары өзгертiлмейдi.

Дегенмен теңге бағамының өзгерiсiнен туындаған айырмашылықты «ҚазАгро» холдингi өзiнiң iшкi қорының есебiнен өтейдi. Холдингтiң несие портфелiнiң тек 8 пайызы ғана долларға байланған», - дедi ол.

«ҚазАгро Қаржы» компаниясына келетiн болсақ, олардың лизингтiк несиелерi доллармен байланыстырылған. Ауыл шаруашылық техникаларын сатып алуға бөлiнген несиелер мәселесiн «Агробизнес-2020» агроөнеркәсiптiк кешен нысандарын сауықтыру бағдарламасы аясында қайта құрылымдаймыз», - дедi ол.