17:43, 04 Ақпан 2009 | GMT +5
Долларға шаққанда теңгенің бағамын арзандату арқылы Қазақстан үлкен бәсекелі артықшылықтарға ие болып отыр ?Үкімет басшысы
АСТАНА. Ақпанның 4-і ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Премьер-Министр Кәрім Мәсімов «долларға шаққанда теңге бағамын арзандату арқылы Қазақстан үлкен бәсекелі артықшылықтарға ие болып отыр»,

деп санайды. Ол бұл пікірін бүгін Үкіметтің селекторлық кеңесінде білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Бізбен көрші елдердің барлығы ? Ресей, Украина, Беларус ұлттық валюталарын мейлінше көп мөлшерде құнсыздандырды. Біздің өнімдерімізге ұқсас өнімдерді экспорттайтын елдер Канада мен Австралия өз валюталарын 26-27 пайызға құнсыздандырды. Біздің валютамыздың девальвациясы 23 пайыздан аспайды. Сондықтан Қазақстан үлкен бәсекелі артықшылықтарға ие болып отыр деп санаймын», деді өз сөзінде К.Мәсімов. «Қазір біздің қоғамның тұрақтылығы ең маңызды мәселе, халық еңбекпен қамтылып, кәсіпорындар жұмыс істеуі тиіс. Менің ойымша, біз оны қамтамасыз ете аламыз», - деп нақтылады сөзін Премьер-Министр.