Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Доминикан басылымы Трамптың орнына әртіс Болдуиннің суретін басып жіберген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Доминиканда жарық көретін El Nacional басылымы АҚШ Президенті Дональд Трамптың суретінің орнына қателесіп әртіс Алек Болдуиннің фотосын салып жіберген, деп жазады Би-би-си.

Доминикан басылымы Трамптың орнына әртіс Болдуиннің суретін басып жіберген

Жұма күні  Болдуиннің NBC телеарнасында шығатын Saturday Night Live бағдарламасындағы Трамптың бейнесін сомдаған скетчтен түсірілген суреті жарияланып, астына «АҚШ президенті Дональд Трамп» деп жазылған.

Осы оқиғадан соң басылым өз «Твиттерінде»  қателік кеткенін айтып, оқырмандардан кешірім сұраған. Алайда бұл сәтте оқиға көпшілікке кең тарап, жұрт әлеуметтік желіде жарыса талқылап жатқан еді.

Saturday Night Live танымал америкалық телешоулардың бірі, 1975 жылдан бері эфирге шығып келеді.