Доминикан министрі Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Доминиканның сыртқы істер министрі Мигель Варгес Малдьдонадо бастаған делегация Қазақстанға жасап отырған алғашқы ресми сапарын еліміздің сыртқы істер ведомствосынан бастады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қазақстан мен Доминикан Республикасының арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 2011 жылы орнатылған болатын. Енді, араға алты жыл салып, Доминикан Республикасының министрі Қазақстанға ресми сапармен келіп отыр. Бүгін екі елдің сыртқы істер министрлері ұзақ кеңесті. Соның нәтиже бойынша бірлескен саяси декларацияны рәсімдеді. "Бұл декларацияда екіжақты байланыстардың негізгі аспектілері мен алдағы ведомствоаралық құжаттардың маңыздылығы көрсетілген. Келіссөздер кезінде біз өзекті мәселелерді талқыладық. Астана мен Санто-Доминго арасында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге мүдделі екенімізді білдірдік. Тараптар өзара сауда мен инвестицияларды арттыруға ниетті", - деді ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдіраxманов кездесуден кейінгі баспасөз мәслиxатында.
null 

Өз кезегінде Доминиканның сыртқы істер министрі Мигель Варгес Малдьдонадо алғыс білдіріп, осы сапар барысында нақты құжаттарды рәсімдеуге мүдделі екенін жеткізді. "Негізгі мақсат - сауда-инвестициялық байланыстарымызды жаңа деңгейге көтеру. Бұдан бөлек, біз ЭКСПО-2017 көрмесінде ашылатын Доминикан Республикасының ұлттық павильоны аясындағы жұмысқа белсене атсалысатын боламыз. Сол арқылы екіжақты сауда-экомикалық және іскерлік қарым-қатынасты дамытуға күш саламыз", - деп атап көрсетті Мальдонадо.
null 

Айта кетейік, бүгін Доминикан елінің делегациясын ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев қабылдайды. Одан кейін олар Бас прокуратура, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Энергетика министрлігі мен "Атамекен" ҰКП басшылығымен кездеседі. Бұдан бөлек, доминикандықтар Алматы қаласына сапарлайды. Барлық кездесулердің нәтижесі бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылуы көзделіп отыр.

null null null 

Соңғы жаңалықтар