Доминиканада нөсер жауын салдарынан 20-дан астам адам мерт болды

Доминикана
Фото: Euronews

Доминикана Республикасында нөсер жауын салдарынан су тасып, көшкін жүріп жатыр, деп хабарлайды Kazinform Euronews агенттігіне сілтеме жасап.

Өткен демалыс күндері Доминикана Республикасында жауған нөсер жауын мен су тасқынынан 20-дан астам адам мерт болды, олардың арасында 3 бала бар.

Төтенше операциялар орталығының хабарлауынша, ел бойынша 13 мыңға жуық адам эвакуацияланды. 32 провинцияның басым бөлігінде төтенше жағдай жарияланды.

Тропикалық нөсер жауын салдарынан көшкін жүріп, инфрақұрылым бүлінді. Мемлекет астанасы Санто-Домингода жексенбі күні көлік тоннелінің қабырғасы құлады. Адамдар көліктерінен шыға алмай қалып, 9 адам мерт болды.

Соңғы жаңалықтар