Домодедово лаңкестік әрекетіне қатысушылар Мәскеуге әкелінеді

АСТАНА. 10 ақпан. ҚазАқпарат - Бейресми дерек бойынша, мәскеулік Домодедово әуежайындағы лаңкестік әрекетке қатысы бар үш күдікті бүгін Мәскеуге жеткізілуі мүмкін, деп хабарлап отыр bnews.kz.
None
None

Ингушетия құқық қорғау органдары хабарлағандай, iске қатысушылар қамауда отыр, олар Мәскеуде тергеу оқшаулағыштарының бiрінде болады. Оларға бірқатар тергеу әрекеттері жүргізіледі деп күтілуде, оның ішінде жауап алу және бірнеше сараптама бар.

Таяуда Мәскеудің Домодедово әуежайындағы лаңкестік әрекетке қатысы бар үш күдікті тұтқындалғаны белгілі болды. Магасск қалалық сотынан хабарланғандай, жанкешті деп болжанған Магомед Евлоевтың ағасы мен қарындасы Фатима және Ахмет Евлоевтар (1994 және 1988 жылдары туылған), сонымен қатар Әли-Юрт ауылының тұрғыны, Евлоевтармен бірге тұратын 23 жасар Омар Аушев 2 ай мерзімге қамауға алынды.

Соңғы жаңалықтар