11:03, 22 Мамыр 2025 | GMT +5
Домодедово және Жуковский әуежайларының жұмысы қайта шектелді
АСТАНА. KAZINFORM – Мәскеудің Домодедово және Жуковский әуежайларында тәулік басынан бері екінші рет ұшақтардың келуі мен кетуіне уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды ТАСС.

- Домодедово және Жуковский әуежайларында әуе кемелерінің келуі мен кетуіне уақытша шектеу енгізілді, - делінген Росавиация хабарламасында.
ТАСС хабарлауынша, шектеу мәскеулік Внуково, сондай-ақ Владимир, Калуга және Тамбов әуежайларында күшінде қалып отыр.
Мәскеу мэрі Сергей Собянин Мәскеуге қарай ұшқан 26 ұшқышсыз басқарылатын аппараттың жойылғанын хабарлады.
Еске сала кетсек, 21 мамырда әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі Мәскеуге қарай ұшқан ұшқышсыз басқарылатын аппараттың шабуылына тойтарыс берді.