Домодедовода ұшақ автотиегішпен соқтығысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Домодедово әуежайында Ан-148 ұшағы автотиегішпен соқтығысты. Борт Мәскеуден Саратовқа ұшуы тиіс болған. "Интерфакс" дереккөзінің айтуынша, төтенше жағдай ұшу жолағында ұшақ басқаруындағы ақау салдарынан орын алды.

Домодедовода ұшақ автотиегішпен соқтығысты

«Ұшақтың қақпақшаларына зақым келді», - деп қосты ол.

Абырой болғанда, апаттан ешкім зардап шекпеді. Барлық жолаушылар эвакуацияланды, әуе кемесі ауыстырылды.