17:12, 09 Ақпан 2011 | GMT +5
Домодедоводағы лаңкестік әрекетке қатысы бар үш айыпкер тұтқындалды
АСТАНА. 9 ақпан. ҚазАқпарат - Ингушетияда 24 қаңтар күні мәскеулік Домодедово әуежайында болған лаңкестік әрекетке қатысқан үш айыпкер тұтқындалды. Бұл туралы Магасс қалалық сотынан хабарланды, деп мәлімдейді ИТАР-ТАСС.
Жанкешті деп болжанған Магомед Евлоевтың ағасы мен қарындасы Фатима және Ахмет Евлоевтар (1994 және 1988 жылдары туылған), сонымен қатар Әли-Юрт ауылының тұрғыны, Евлоевтармен бірге тұратын 23 жастағы Омар Аушев 2 ай мерзімге қамауға алынды.
Үшеуіне де "террорлық әрекетке қатысты, кісі өлтірді, қару және жарылғышты заңсыз сақтап, пайдаланды" деген айып тағылды.