17:11, 04 Ақпан 2011 | GMT +5
Домодедоводағы лаңкестік әрекеттен жарақат алған 86 адам әлі ауруханаларда
АСТАНА. 4 ақпан. ҚазАқпарат - Домодедово әуежайында лаңкестік әрекеттен жарақат алған 86 адам әлі мәскеулік ауруханаларда жатыр, деп хабарлайды Вести.ру.
Мәскеу мэрінің орынбасары Ольга Голодец жедел кеңесте мәлім еткендей, 69 зардап шегушінің халі қанағаттанарлық, үшеуі ауыр халде, қалғандары орташа ауыр халде, 28 зардап шегуші ауруханадан шығарылды.
Өз кезегінде, Мәскеу Халықты әлеуметтік қорғау департаментінің басшысы Владимир Петросянның айтуынша, лаңкестік әрекет кезінде қаза болғандардың 25 туған-туысының 14-і 2 миллион рубль өтемақы алды. «Қалған 11-дің үшеуі мәскеулік, ал сегізі шет елдік отбасылар», - деді Петросян. "Көптеген туған-туыстар алыс шет елде тұратындықтан және Мәскеуге келе алмайтындықтан, консулдық бөлімдер арқылы қаражат аудару жұмыстары жүргізіліп жатыр. 25 отбасына өтемақыны Мәскеу, ал 11 отбасына Мәскеу облысы төлейтін болады», - деп хабарлады ИТАР-ТАСС.