«Дон Кихотты» 6 мыңнан астам адам тамашалады (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аты аңызға айналған «Ла Скала» театрының «Астана Операда» сахналанған «Дон Кихот» балетін 6 мыңнан астам көрермен тамашалады. Бес күн бойы өткізілген балеттің сериялы тұсаукесеріне ТМД елдерінен де қонақтар келді. Қойылымның басты қоғаны - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев болды, деп хабарлайды «Астана Опера» театрының баспасөз қызметі.
«Ла Скала» театрының келуі шынымен тарихи оқиға болды. Сапар барысында итальяндықтар қазақстандық әріптестерінің «Аққулы көл» балетінің репетициясына қатысып, тәнті болды. Итальяндық театрдың балеттік труппа жетекшісі Махар Вазиев балетке жоғары баға берді, соының ішінде екі балет әртісі - Айгерім Бекетаева мен Еркін Рахматуллаевтың талантын ерекше атап өтті, деп жазылған «Астана Опера» баспасөз қызметі таратқан хабарламада. ««Ла Скала» балеттік труппасының кордебалеті тамаша жаттыққан, түзу, бірдей қимылдайды. Балериналар ұйқыдағы көріністі ұқыпты орындап шықты, сығандар сахнасы тіпті қайран қалдырды. Әртістер сахнада ғажап биледі, шеберліктерін көрсетті», - деп бағалады «Астана Опера» балетінің көркемдік жетекшісі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Тұрсынбек Нұрқалиев. Қос театр басшылығының бірлесіп атқарған жұмысы жемісін берді. Миландық театрдың гастролі барысында өткен келіссөздер нәтижесінде «Астана Опера» театрының «Ла Скалаға» жауапты гастрольмен бару мүмкіндігі талқыланып, әріптестік жөнінде меморандумға қол қойылды. Сөйтіп, биылғы жылдың күзде «Ла Скала» театры мен «Астана Опера» Дж. Вердидің «Аида» (қоюшы режиссері Франко Дзеффирелли, Италия) операсын қоюды жоспарлап отыр.