Дональд Трамп Әбу Бакр әл-Бағдади ізбасарының көзі жойылғанын мәлім етті

None
None
ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – АҚШ Президенті Дональд Трамп ДАИШ лаңкестік ұйымының көсемі Әбу Бакр әл-Бағдадидің жақын жақтасының көзі жойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Америка президентінің Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап

«Жаңа ғана Америка әскерилері Әбу Бакр әл-Бағдадидің нөмір бірінші орынбасарының көзі жойылғанын растады. Ол жақында көсемінің орнын басар еді. Енді, ол да өлді!» - деп жазды Дональд Трамп. Алайда ДАИШ көсемінің ізбасарының аты-жөні айтылмаған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Дональд Трамп Сирияда арнайы операция барысында ДАИШ лаңкестік ұйымының көсемі Әбу Бакр әл-Бағдадидің көзі жойылғанын хабарлаған болатын.

Соңғы жаңалықтар