Дональд Трамп Ақ үй келбетін өзгертпеуге уәде берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың жаңа сайланған президенті баспасөзге Ақ үйдің сыртқы келбеті өзгермейтінін хабарлады. Дональд Трамп 18-ші ғасырдың аяғында сәулетші Джеймс Хобан жобалаған ғимаратқа құрметпен қарайтынын жеткізді.
«Ақ үй - ерекше орын, ештеңе өзгертілмейді», - деді Трамп резиденцияны өз қалауы бойынша өзгертеді деп қауіптенгендерге берген жауабында.
Еске салсақ, өз мерзімінің бірінші жылы Дональд Трамп қауіпсіздік жүйесін жаңартуға байланысты Ақ үйдегі кабинетіне кіре алмайды, деп жазды Life.