Дональд Трамп алдағы президент сайлауына түсуге ресми өтініш берді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп 2024 жылы өтетін президент сайлауына түсуге ресми өтініш берді. Бұдан кейін бұрынғы президенттің өзі Флоридадағы резиденциясында жиналған жақтастар алдында сөз сөйледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Американың жаңа өмірі басталады!», - деді Трамп көпшілік алдында сөйлеген сөзінде.

Ол Ақ үйде өткізген төрт жылдық кезеңін мақтанышпен сипаттады.

«Осы қысқа төрт жылда бәрінің жағдайы керемет болды. Бәрі бұрын-соңды болмағандай гүлденді», - деген Трамп ол қызметтен кеткен кезде экономиканың коронавирус індетінен туындаған рецессиядан тез қалпына келгенін жеткізді.


Фото: AP
Соңғы жаңалықтар