Дональд Трамп Ираннан мұнай тасымалдау туралы эмбаргоның мерзімін ұзартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ президенті Дональд Трамп 17 мамырда Ираннан мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу туралы бұрын қабылданған эмбаргоның мерзімін ұзартты, деп хабарлайды ресейлік ТАСС агенттігі Ақ үйдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дональд Трамп Ираннан мұнай тасымалдау туралы эмбаргоның мерзімін ұзартты

Жарлықта осы салада Иранмен ынтымақтастықты тоқтату үшін әлемде мұнай қоры жеткілікті екендігіне сенім білдірген.

«После пристальной оценки доклада, направленного в Конгресс США информационным управлением министерства энергетики, и других факторов, в том числе экономических условий в мире и увеличения добычи топлива некоторыми странами, я пришел к выводу, что в мире производится достаточно нефти и нефтепродуктов другими странами, чтобы позволить значительное сокращение закупок нефти и нефтепродуктов у Ирана иностранными финансовыми организациями»,

«АҚШ-тың энергетика министрлігі ақпарат басқармасы АҚШ Конгресіне жолдаған баяндамасына баға берілгеннен кейін және басқа да ықпалдарды, соның ішінде әлемдегі экономикалық жағдайлар мен кейбір елдердің жанармай өндіру көлемінің артуына байланысты, әлемдегі басқа елдерде мұнай және мұнай өнімдері айтарлықтай көп өндіріліп жатқандықтан, шетелдік қаржы ұйымдарының Ираннан мұнай және мұнай өнімдерін сатып алуын қысқарту туралы ұйғарымға келдім», - деп атап өтті Дональд Трамп.

АҚШ президенті «жағдайды жіті қадағалауға» уәде етті. Алайда, Трамп оның әкімшілігі қазіргі таңда «Иранға қатысты өз саясатын қайта бағалауды жүргізіп жатқанын», сондай-ақ Иран ядролық бағдарламасы туралы келісімдегі міндеттемелерді орындап жатқандығын ескертті.