05:17, 28 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Дональд Трамп кортежіндегі мотоциклші апатқа ұшырады
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ президенті Дональд Трамп Индианаполисте сөз сөйлеп болғаннан кейін әуежайға келе жатқан жолда жол-көлік апаты болды.
Жергілікті БАҚ-тардың хабарлауынша, президент кортежіндегі полиция қызметкерлерінің бірі мотоцикл руліне ие бола алмай қалған.
Кетіп бара жатқан кортежді көргендер жолдың оң жақ қапталында құлап жатқан мотоциклді байқаған.
Апатқа ұшыраған полицейдің аяғы сынғаны және миы шайқалғаны белгілі болды. Одан өзге зардап шеккендер жайлы мәліметтер түспеген.