Дональд Трамптан митингтен қуылған мұсылман әйелден кешірім сұрау талап етілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американ-ислам қатынастары бойынша кеңес АҚШ президентігіне үміткер Дональд Трамптан оның сайлауалды митингісінен қуылған наразылық білдіруші мұсылман әйелден кешірім сұрауды талап етіп отыр.

Дональд Трамптан митингтен қуылған мұсылман әйелден кешірім сұрау талап етілді

Кеңестің мәлімдемесінде Солтүстік Каролинада өткен митингте Роуз Хамидқа қатысты әрекеттер "американдық мұсылмандарды қорқыту хабарламасы» екендігі айтылады.

Трамптың Рок Хилл қаласында сөз сөйлеуі кезінде 56 жастағы жолсерік Роуз Хамид "Salam. I come in peace" ("Сәлем. Мен бейбітшілікпен келдім") деп жазылған жеңіл жейдемен тұрған.

Ол өз орнынан көтерілгенде, айналасындағы адамдар тобы «Трамп! Трамп!» деп айқайлай бастаған. Бұдан бұрын, егер кімде кім Дональдтқа кедергі келтіретін болған жағдайда осылай ету керектігі жайлы тапсырма берілгендігі жайлы хабарланған еді.

Одан кейін әйелге күзетші жиналыстан кетуі тиіс екенін айтты. Оны Трампты қолпаштаған жақтаушыларының мұсылмандарға байланысты жақтырмайтын сөздерінің астында алып кетті.