Дональд Трамптың байлығы 10 млрд доллардан асады
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Республикалық партиясы атынан ел президенттігіне кандидат Дональд Трамптың байлығы 10 млрд доллардан асады, деп жазады «ВВС» агенттігі кәсіпкер, саясаткердің сайлауалды штабы мәліметіне сілтеме жасай отырып.
Трамптың мәлімдеуінше, 104 бетке жеткен оның Федералды сайлау комиссиясына берген кіріс туралы анықтамалығы ведомство тарихындағы ең көлемді болып отыр.