Дональд Туск Еурокеңестің жаңа төрағасы болып тағайындалды

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Бүгін Еурокеңестің жаңа төрағасы болып ұйымға мүше 28 елдің мемлекет және үкімет басшыларының қатысуымен өтіп жатқан саммитте Польшаның Премьер-Министрі Дональд Туск сайланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Бұл оқиғаға байланысты Еуропарламенттің төрағасы Мартин Шульц: «Туск соңғы жеті жыл ішінде Польшаның парламентін бұрынғыдан да қуатты ете түсті. Польша экономикасы ЕО-ның басқа елдері тығырыққа тірелген кездерде де өсімін тоқтатқан жоқ», - деп атап өтті.

Сондай-ақ, М.Шульц жаңа төрағаның еуропадағы жұмыссыздық мәселесін оңтайлы шешетініне, еуропаның экономикалық өсімін қамтамасыз ететініне сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар