Дональд Трамп АҚШ пен Иран арасындағы келіссөз жалғасып жатқанын мәлімдеді
АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ Иранмен келіссөз жүргізуді жалғастырып жатыр. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде журналистерге мәлімдеді, деп хабарлайды Report.
— Иранмен ісіміз өте жақсы жүріп жатыр. Біз Иранмен сөйлестік және келіссөзді жалғастырып жатырмыз, — деді АҚШ басшысы.
Трамп Вашингтонның Тегеранмен байланыс орнатып отырғанын тағы да қайталады. Алайда келіссөздердің мазмұнын ашып айтпады.
Сонымен қатар АҚШ президенті Вашингтонның әрекеттері нәтижесінде Ормуз бұғазы кеме қатынасы үшін ашық екенін мәлімдеді.
Бұған дейін Дональд Трамп Иранның ядролық нысандарын тағы да соққы астына аламыз деп отыр.