Дональд Трамп мәлімдеме жасады
АСТАНА. KAZINFORM – Кеңсесінде өткен баспасөз мәслихатында АҚШ президенті Дональд Трамп қазіргі оқиғаларға түсініктеме беріп, Ресей-Украина қақтығысына қатысты ойын білдірді, деп хабарлайды BBC.

Атап айтқанда, Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинге сенетінін және оған Ресейден гөрі Украинамен қарым-қатынас жасау қиынырақ екенін айтты, деп хабарлайды AFP.
– Мен Путинмен әрқашан жақсы қарым-қатынаста болдым. Білесіз бе, ол соғысты аяқтағысы келеді, - деді Трамп. – Менің ойымша, ол жомарт бола алады және бұл өте жақсы. Бұл – жақсылықтың нышаны.
Трамп сонымен қатар қауіпсіздік кепілдігін талқыламас бұрын Ресей-Украина қақтығысын «шешкісі» келетінін айтты, деп хабарлайды Reuters.
Euronews хабарлағандай, Трамп брифингте Украинаның мәміле жасағысы келетінін айтты, өйткені оның басқа «таңдауы жоқ» екенін айтты. Ол сонымен қатар «Ресей де мәміле жасағысы келеді, мен білетін басқа нұсқада, оны тек мен білемін. Олардың да басқа «таңдауы жоқ» деп қосты. Трамп Кремльдің уәжі қандай болуы мүмкін екенін ашып айтпады.
Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы қақтығыс реттелгенге дейін Ресейге қарсы санциялар күшейтілуі мүмкін екенін жеткізді.
АҚШ пен Украина делегациясы Сауд Арабиясында келіссөз жүргізеді.
Дональд Трамп пен Владимир Зеленскийдің Сопақ кеңседегі шиеленісті пікір алмасуынан кейін АҚШ Украинаға әскери және барлау көмегін тоқтатты.