Дональд Трамптың енесі қайтыс болды

Америка Құрама Штаттарының бұрынғы президенті Дональд Трамптың әйелі Мелания Трамптың анасы Амалия Кнавс қайтыс болды. Саясаткердің қайын енесінің жасы өзімен шамалас — 78 жаста еді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

Амалия Кнавс
Фото: globallookpress.com / SMG

«Анам Амалияның өмірден озғанын қайғыра хабарлаймын. Ол әрқашан өзін сыпайы ұстап, мейірімін төгіп, ізетін ұмытпайтын қайратты әйел болды. Күйеуіне, қыздарына, немересіне және күйеу баласына адал еді», — деп жазды Мелания Трамп Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында. 

Амалия Кнавс — Словенияның тумасы.

Мелания Трамп — Америка президентінің Луиза Адамстан кейінгі екінші әйелі, ол да АҚШ-та тумаған.

Соңғы жаңалықтар