09:39, 12 Желтоқсан 2023 | GMT +5
Дональд Туск Польша премьер-министрі болып сайланды

Министрлер кабинетінің бұрынғы басшысы атанып үлгерген Матеуш Моравецкий сеймде екінші рет сенімге ие бола алмағаннан кейін депутаттар Тусктің үміткерлігіне дауыс берді.
Заң жүзінде қазандағы сайлауды «Құқық және әділдік» оңшыл консерваторлары жеңіп алғанымен (194 орын), Туск басқаратын «Азаматтық платформа», «Үшінші жол» және «Солшылдар» оппозициялық еуропашыл күштер коалициясы 248 мандатқа ие болды.
Премьерді тағайындау міндеті депутаттарға өтіп, көбі Тускті қолдады.
Сейсенбі таңертең тағайындалған премьер бағдарламасы мен министрлер тізімін жариялайды.
Кабинет құрудың соңғы қадамы президент Анджей Дуданың ант қабылдау рәсімін өткізуі болмақ. Ол сәрсенбі күні өтуі мүмкін.