Дондағы Ростовта белгісіз мекені жоқ қаңғыбастар шахматтан сайысқа түспек

АСТАНА. Шілденің 23-і. ҚазАқпарат - Бүгін шілденің 23-інде Дондағы Ростов қаласында белгісіз тұрағы жоқ қаңғыбастар арасында шахматтан турнир өткізілуде. Шараның ұраны: «Біз - салауаты өмір салтын қолдаймыз!», - деп аталады. Бұл туралы РБК агенттігі хабарлады.

Дондағы Ростовта белгісіз мекені жоқ қаңғыбастар шахматтан сайысқа түспек

Жарыс шілденің 20-сында атап өтілетін Халықаралық шахмат күніне орайластырылып отыр. Ростов облысындағы қалалардың әлеуметтік мекемелерінде шахматтан іріктеу жарысы өтіп, оны ұтып шыққандар турнир жеңімпазы атанады.

Жарыс жеңімпазы бағалы сыйлық пен шахмат турнирінің ауыспалы Кубогын иеленеді. Қалған ойыншыларға сыйлықтар мен дипломдар тапсырылады.