Дондағы Ростовта қозғалтқышына құс кіріп кеткен А-320 ұшуын тоқтатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дондағы Ростовта - Мәскеу (Шереметьево) бағытында рейс жасаған А-320 жолаушылар ұшағы бейсенбі кешке қозғалтқышқа құстың түсуі салдарынан ұшуын тоқтатты, деп хабарлады "Интерфакс" аймақтың жедел қызметтеріне сілтеме жасап.
None
None

"Ұшу кезінде А-320 жолаушылар ұшағының оң жақтағы қозғалтқышына құс кіріп кеткен. Осыған байланысты ұшақ командирі ұшуды тоқтату шешімін қабылдады. Жолаушылар ұшақтан шығарылып, өзге бортта жөнелтілді", - деді агенттікке жедел қызмет өкілі.

Соңғы жаңалықтар
Референдум