19:02, 12 Ақпан 2009 | GMT +5
Донецк облысында жеті адам жолаушылар автобусында өртеніп, 7 адам қаза болды
МӘСКЕУ. Ақпанның 12 –сі. ҚазАқпарат – Украинаның Донецк облысында жолаушылар таситын автобустың өртеніп кетуі салдарынан жеті адам мерт болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру агенттігіне сілтеме жасап.16 адам зардап шексе, қалған жетеуінің тағдыры белгісіз. Жедел мәліметтерге қарағанда, жергілікті уақыт бойынша 12:13-те Славян ауданындағы жергілікті маңызға ие автокөлік жолда, Краматорскіден Луганскіге қарай бағыт алып бара жатқан ЛАЗ автобусы Райгород пен Брусино ауылдары арасында өртке оранған. Көлік ішінде 30 жолаушы болған. Төтенше жағдайлар министрлігінің екі құтқару бөлімінің күшімен жергілікті уақыт бойынша өрт 12:35-те ауыздықталып, 12:55-те толық сөндірілді.