Донецкіде футбол жанкүйерлері отырған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

АСТАНА. 14 ақпан. ҚазАқпарат - Донецк әуежайына қону кезінде Ан-24 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады.
None
None

Оның бортында 45 адам болды, олардың денін «Шахтер» (Донецк) мен «Боруссия» (Дортмунд) арасындағы Чемпиондар лигасының 1/8 финалына Одессадан ұшып шыққан футбол жанкүйерлері құрайды. Онымен қоса, жолаушылар арасында одессалық көптеген танымал бизнесмендер мен саясаткерлер, сондай-ақ сот билігінің бірнеше өкілі болды. Бұл туралы Ресей Жаңалықтар агенттігі Донецк әуежайындағы дереккөзге, украиналық интернет-басылымдарға және жергілікті ТЖМ-ға сілтеме жасап хабарлады.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, қону барысында ұшақ отқа оранды, салдарынан бес адам қаза болды, екеуі жарақаттанды, 39-ы құтқарылды, тағы бір жолаушының тағдыры белгісіз. Құтқарушылар жоғалған адамды іздестіруде, бірақ әуе кемесінің қаңқасы қатты зақымданған, бұл іздеу жұмыстарын қиындатуда.

«Біз барлық бөліктеріне кіре алмай жатырмыз. Шаралар қолданылуда», - деп атап өтті агенттікке Украина Мемлекеттік қызметі бас басқармасының Донецк облысы бойынша баспасөз қызметінің басшысы Инна Седова.

Соңғы жаңалықтар