Донор жүрегі салынған бірінші қазақстандық Н.Назарбаевқа медицина саласында жүргізген реформасы үшін алғыс білдірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Донор жүрегі салынған бірінші қазақстандық, «Өмір тынысы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Жәнібек Оспанов Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» күн тәртібімен өткен XXIV сессиясында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа медицина саласында жүргізген реформасы үшін алғыс білдірді.

Донор жүрегі салынған бірінші қазақстандық Н.Назарбаевқа медицина саласында жүргізген реформасы үшін алғыс білдірді

Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылдың 8 тамызында Қазақстанда алғаш рет жүрек алмастыру операциясы жасалды. Танымал кардиохирург Юрий Пя бастаған елордадағы Ұлттық кардиология ғылыми орталығының қызметкерлері 38 жастағы науқасқа 46 жасар әйел донордың жүрегін салды. Донордың ұлы Игорь Воротников анасының жүрегі және бүйрегін алуға рұқсат бергеннен кейін дәрігерлер жүректі Жәнібек Оспановқа, ал, бүйректі тағы бір науқасқа салған еді.

«Мен 100 пайыз Ассамблея адамымен. Қазақ болып дүние келдім, отаны корей жасады, ал орыс әйелінің жүрегі маған екінші өмір сыйлады. Мұндай шешімді оның балалары Игорь мен Вероника қабылдады. Ендігі уақытта олар мен жақындарым әрі туыстарым», - деді ол.

Ж.Оспанов медицина саласындағы реформалардың арқасында мұндай күрделі операцияларға қолжетімділік арта түскендігін баса айтты. Сонымен бірге президенттік «Мәңгілік ел» идеясы өзгенің басына түскен ауыртпалыққа бей-жай қарамайтын жаңа буынның өсуіне септігін тигіеріне сенімді екендігін жеткізді.

«Соңғы 4 жылда Қазақстанда мұндай 847 ота жасалса, оның 33-і - жүрек алмастыру. Бүгінде мен сияқты адамдар «Өмір тынысы» деп аталатын қоғамдық ұйымға топтастық. Біз толыққанды адамбыз, оқимыз, жұмыс істейміз, бала тәрбиелейміз, спортпен айланысамыз. Тіпті Дүниежүзілік спорттық трансплант ойындарға да қатысқымыз келеді. Бұл біз сияқты адамдарға арналған олимпиадалық ойындар. Біздің арманымыз - «Мәңгілік ел» патриоттық актісінің қабылдану құрметіне орай Қазақстанның көк байрағын осы ойындарда желбірету», - деді Ж.Оспанов.

«Әрине, Юрий Пя біздің жетекші кардиохирургымыз және кардиоорталығымыз бұл әлемде танымалдыққа ие бола түсуде. Бізге мұндай ота жасату үшін келіп жатады. Бұл керемет емес пе... Міне, алымызда донор жүрегі салынған адам тұр. Дұрыс айтады, ол екінші рет дүниеге келді», - деді өз кезегінде ҚР Президенті.