Доңыз етін сиыр етіне айналдырған алаяқтардың айласы әшкере болды

АСТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат - Қытайда егжей-тегжейлі тексеруден кейін белгілі болғандай, доңыз еті химиялық өңдеу жолымен сиыр етіне айналдырылған.
None
None

Қытай бұқаралық ақпарат құралдары хабарлағандай, Сиан қаласының полициясы 20000 «келі» жасанды сиыр етін тәркілеген. Сонымен қатар, осыған қатысы бар деген күдікпен 6 ет комбинаты жабылды.

Muslim.kz сайтының жазуынша, алаяқтар доңыз етін сиыр етіне айналдыру үшін парафин мен арнайы химиялық қосындыларды пайдаланған.

Жаманатты бұл жаңалық қала тұрғындарының жағасын ұстатты. Өйткені, жергілікті халықтың дені мұсылмандар болатын.

Соңғы жаңалықтар