«Доңыз тұмауы» ауруының алғашқы оқиғасы Португалияда тіркелді

ЛИССАБОН. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат – Елдің денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, қауіпті вирусты жақында Мексикадан оралған 30 жасар әйел жұқтырған. Дәрігерлердің айтуынша, ол ауруынан айыққан, алайда үйінде оқшауланған күйінде қалып отыр,

«Доңыз тұмауы» ауруының алғашқы оқиғасы Португалияда тіркелді
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы деректері бойынша A (H1N1) тұмауының жаңа вирусын 20 елде 900 адам жұқтырған. Мексикадан басқа АҚШ-та бір адамның қайтыс болғаны тіркелді.