«Доңыз тұмауы» мемлекет басшыларына да жетті

АСТАНА. Тамыздың  12-сі. ҚазАқпарат - Коста-Рика   Президенті   Оскар  Ариас мырзадан А (H1N1)  тұмауының вирусы  анықталды.  

«Доңыз тұмауы»     мемлекет басшыларына да  жетті


 Бұл туралы        ел үкіметінің  өкілдері      хабарлады.

 Олар,     мемлекет басшысының    жағдайы     тұрақты екенін,  алдын-ала мәліметтер бойынша,  Президенттің     елді басқару міндетіне    бір  аптаның ішінде кірісіп  қалатынын нақтылап  отыр,  деп  хабарлайды   жаңазеландиялық TVNZ телеарнасы.

Бұл жағдайдың   басқа  мән-жайы    әзірге  белгісіз.   Коста-Рика Президенті  дәрігерлердің бақылауында.

 «Роспотребнадзор» агенттігінің  мәліметтеріне сәйкес,    тамыздың 9-ындағы жағдай  бойынша      дүниежүзінде  вирусты   жұқтырудың 206 мың  987      фактісі  ресми  қуатталып  отыр.   Оның ішіндегі  1 673     оқиға кісі  өлімімен  аяқталған.