Доңыз тұмауы мұсылмандарды Меккеге зиярат жасаудан бас тартуға мәжбүрлеуі мүмкін

МӘСКЕУ. Шілденің 22-сі. ҚазАқпарат - Мұсылмандардың жыл сайын Меккеге жасайтын қажылық  сапары  доңыз тұмауына байланысты қатерлі болуы мүмкін,

Доңыз тұмауы мұсылмандарды Меккеге зиярат жасаудан бас тартуға мәжбүрлеуі мүмкін

деп хабарлайды ҚазАқпарат Inopressa.ru сайтына сілтеме жасап.

Ұлыбритания тізімі өсіп отырған ауруға барынша бейім тұратын егде тартқан немесе кәмелетке толмаған, жүктілігі немесе денсаулығына байланысты жағдайларда мұсылман зияратшыларын Сауд Арабиясына саяхат жасаудан бас тартуға шақырған елдердің қатарына қосылды.

«Кейін өкінбеу үшін доңыз тұмауының қатеріне шындап қараңыздар, өз қауіпсіздіктеріңізді қамтамасыз етіңіздер және сапарға шығар алдында өз дәрігерлеріңізбен ақылдасыңыздар», - делінген Британдық қажылар қауымдастығының мәлімдемесінде.

Бұл ескерту Сауд Арабиясы дәрігерлерінің Мекке мен Мединеге аттанатын барлық зияратшыларға сапарға шығардан екі апта бұрын маусымдық тұмаудан вакцина алу туралы ұсынысынан кейін жасалды.