16:22, 29 Мамыр 2009 | GMT +5
Доңыз тұмауы Венесуэлаға да жетті
МӘСКЕУ. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат – Венесуэла денсаулық сақтау министрлігі елде А (H1N1) тұмауын жұқтырудың алғашқы оқиғасы тіркелгенін мәлімдеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.Ол аптаның басында осы елге Панамадан келген жас жігіт болып шықты. Оған қажетті дәрігерлік көмек көрсетілуде. Елдің өкімет орындары онымен бірге авиарейспен келген қалған 79 жолаушыны іздестіруде.