«Доңыз тұмауы» вирусында құс тұмауының құрамдас бөліктері бар
АСТАНА. Мамырдың 7-сі. ҚазАқпарат – «Доңыз тұмауы» вирусында құс тұмауы вирусының генетикалық құрамдас бөліктері бар.
Олар жас және ересек салауатты адамдардың ағзасында иммундық реакция, нақты айтқанда, өкпенің қабынуы мен науқанның өліміне әкелетін цитокиндік реакция туғызуы мүмкін. Бұл жайында американдық Viral Immunology журналында жарияланған мақалаларда жазылып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат «РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап. Дәрігерлердің айтуынша, жаңа тұмау негізінен балалар мен егде адамдарға тез жұғады. Бірақ та зерттеу авторлары, «жаңа» A/H1N1 вирусында («доңыз тұмауында») құрамдас бөліктері табылып отырған H5N1 құс тұмауы вирусы да иммундық жүйелері қалыпты жұмыс істейтін жас және салауатты адамдардың өліміне себеп болғанын атап көрсетуде. Зерттеушілердің пайымдауынша, H5N1 вирусының («құс тұмауы») кейбір генетикалық компоненттері жас және ересек адамдардың иммундық жүйесінің пәрменді реакциясын туғызуы мүмкін. Адам өкпесінде «цитокиндік реакция» болып, нәтижесінде өкпе талшықтары қалыпты жұмыс істей алмай қалады да, науқас қайтыс болады.