«Доңыз тұмауына» қарсы вакцина сынағы басталды

АСТАНА.  Шілденің 24-і.  ҚазАқпарат -  Австралия   әлемдегі бірінші  ел болып   «доңыз тұмауына» қарсы  вакцинаны  егу  шараларын  бастады.   Ондағы мақсат -    осы уақытқа дейін    әлем бойынша 700-ден  астам, Австралияның өзінде 40 адамның  өмірін  қиған  вируспен  күресу,

«Доңыз тұмауына»  қарсы вакцина  сынағы басталды

деп хабарлайды ҚазАқпарат  Utro.ru сайтына сілтеме  жасап.

Екі  биотехнологиялық  компания    елдің оңтүстігіндегі Аделаида  қаласында    ересек еріктілерге жаңа  вакцина егуді бастады.

Ал АҚШ-та   ағымдағы жылдың    қазан айына  дейін    А (H1N1) тұмауына қарсы  вакцинаның 160  миллионға жуық дозасы     өндіріледі.     Бұл көлемнің   АҚШ-тың   барша  халқын  вакцинамен қамтамасыз  етуге  жетпейтіндігі айтылуда, бірақ   өнеркәсіптің аталған  мерзімге     одан көп  вакцина  өндіре  алмайды.   Дәрігерлердің айтуынша,    бір адамға екі вакцина  дозасы қажет, деп   хабарлайды Associated Press.

АҚШ-тың аумағында   А (H1N1)  тұмауын   жұқтырғандардың  саны 40 617-ге жетіп  отыр.    Олардың ішінде, 263 адам   көз жұмған.

Ал әлем бойынша     «доңыз тұмауын»  жұқтырудың  129,7 мың оқиғасы    расталған.  Оның  743   оқиғасы   кісі  өлімімен  аяқталып  отыр.