«Доңыз тұмауынан» әлемде 1250 адам қайтыс болды

АСТАНА.   Тамыздың 3-і. ҚазАқпарат -  Дүниежүзілік  денсаулық сақтау  ұйымы,  әлемде А (H1N1) тұмау вирусын  жұқтырудың  184 500-дей оқиғасы анықталғанын   хабарлады.   1250  адам     вирустың салдарынан  көз жұмған,

«Доңыз тұмауынан»   әлемде  1250 адам қайтыс болды

деп  хабарлайды   ҚазАқпарат  «Азаттық» радиосына  сілтеме  жасап.

Астанадағы А /H1 N1 вирусының таралуына байланысты жарияланған карантиндік жағдай тамыздың 3-інде алып тасталынады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев өткен аптада  баспасөз мәслихатында мәлім еткен   болатын.

Оның деректеріне қарағанда, осы уақытқа дейін республика бойынша аталған вирусқа шалдыққан 14 адам тіркелген. Олардың 8-і карантиннен толығымен шығарылды. Ағымдағы аптаның аяғына дейін тағы 5 сырқатты ауруханадан шығару жоспарланып отыр. Ал Алматыда  алғашқы сырқаттың тіркелуіне байланысты ем -домға тағы 7 күндей уақыт кетпек. «Сондықтан тамыздың 3-інен бастап Астанадағы карантиндік жағдай толығымен алып тасталынады. Осы кезде елорда тұрғындары масканы шеше алады. Ал Алматыдағы оның мерзімі тағы 7 күнге созылады», - дейді Ж.Досқалиев.