«Доңыз тұмауының» дәрісі балалардың түнгі ұйқысын бұзуда

АСТАНА. Шілденің 31-і.  ҚазАқпарат - «Доңыз тұмауына» қарсы дәріні ішіп  жатқан   балалардың   жартысынан астамы   лоқсып,   түнде  шошып оянуда,  де  жазады The Daily Mail  басылымы.

«Доңыз тұмауының» дәрісі  балалардың  түнгі  ұйқысын бұзуда

Балалар А/H1N1   тұмауы  вирусына қарсы ішіп   жатқан  дәрілер сонымен бірге,    олардың іштерін  ауыртып,  ұйқыларын   бұзған.

Жүргізілген зерттеулер көрсетіп отырғандай,    балалардың көбісінде  бұл белгілер   дәрі іше  бастағаннан кейін    пайда бола бастаған.   Бұл жайт  ата-аналардың алаңдаушылығын туғызуда.

Сарапшылардың  ескертулеріне  қарамастан, National Pandemic Flu Service   қызметі  150 мыңдай    пакет дәрі   таратқан. Адамдар  дәріні телефон  және Интернет арқылы    сатып  ала алады.