«Доңыз тұмауының» салдарынан Анкарада барлық мектеп жабылды
АСТАНА. Қазанның 26-сы. ҚазАқпарат - A/H1N1 тұмауының шығуына байланысты Анкарадағы барлық мектептер бір аптаға карантинге жабылды.
Түркия елордасының барлық мектептерін бірапталық карантинге жабу туралы жарлыққа Анкара губернаторы қол қойды. Бұл шешім Түркияда «доңыз тұмауының» таралуымен күресу жөніндегі іс-шаралардың аясында қабылданды, деп жазады ресейлік "Аргументы и факты" басылымы.
Сенбі күнгі жағдай бойынша, Түркияда A/H1N1 тұмауын жұқтырудың 958 оқиғасы тіркелді. Қауіпті вирусты жұқтырудың алғашқы құрбаны туралы хабар Түркияда кеше ғана жария болғанын айта кету керек.